Описание
Қала ортасында орналасқан бұл 4 бөлмелі пәтер — кеңдігімен және ыңғайлы жоспарлануымен ерекшеленеді. Жалпы ауданы 75.9 м², отбасыға өте қолайлы. Екі балконы бар, бұл қосымша кеңістік пен жарық береді. Бөлмелердің орналасуы жайлы, терезелері кең, табиғи жарық жақсы түседі.
Пәтер 4-қабатта, үстіңізде ешкім жоқ — тыныштық сақталады. Үй 1984 жылы салынған, толықтай кірпіштен тұрғызылған, сондықтан қыста жылы, жазда салқын болып тұрады.
Күйі — орташа, жаңа иесі өз талғамына сай жөндеп алуға мүмкіндік бар. Ас үйдің ауданы 9 м², отбасы үшін ыңғайлы. Туалет пен ванна жеке, бұл күнделікті тұрмыста үлкен плюс.
Инфрақұрылым
Пәтер орналасқан аудан — қаланың нағыз орталық бөлігі, барлық керек-жарақ қол созым жерде:
Бала-бақша жақын, балаларды апарып-әкелуге өте ыңғайлы
Мектеп жанында, оқушыларға қауіпсіз жол
Больница мен емханалар қасында — кез келген уақытта қолжетімді
Қоғамдық көлік жолдары жақын
Дүкендер, базар, қызмет көрсету орындары түгел жанында
Неліктен дәл осы пәтер?
Бұл пәтер — орталықта кең, жарық, инфрақұрылымы толық дамыған жерде үй іздеп жүргендер үшін таптырмас нұсқа. Қабат жоғары емес, бірақ үстінде ешкім жоқ. Үй жылы, кірпіш. Екі балконы бар. Отбасы үшін өте қолайлы.